Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атқарылған жұмыстар есебі тыңдалды.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының мәжіліс залында онлайн жүйесінде Сырым аудандық маслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды. Фракция жетекшісі Т.Даргужиевиің хабарламасында көрсетілгендей маслихаттағы фракция құрамы 44% жаңарған. Бірінші жарты жылдықта фракцияның 6 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасынан туындайтын өзекті деген жұмыспен қамту бойынша іске асырылатын жобалардың орындалуы, таза ауыз су мәселесі, сапалы денсаулыққа қол жеткізу, тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету т.б. мәселелер қаралып, талқыланып, тиісті органдарға ұсыныстар берілген. 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында депутаттардың 54 қоғамдық қабылдауы өткізіліп, 98 ауыл тұрғындары жолығып, 31% мәселе оң шешілген. Аудандық маслихат депутаттары жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып, аудан көлемінде туындаған мәселелерді уақытылы шешу, депутаттардың сайлауалды бағдарламаларын орындау, депутаттық міндеттерін адал атқарып, аудан халқының тұрмыс деңгейін жақсарту бағытында маұсатты жұмыстана бермек.

0
0
178

Осы тақырып бойынша

Атқарылған жұмыстар есебі тыңдалды. - Yvision.kz