Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астаналық жастар тәуелсіздік мерекесін тойлауды бастап кетті

8 желтоқсан күні Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастауымен «Астана қаласының жастар мәслихаты» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты концерт ұйымдастырды. Жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге, рухани, мәдени дамуы мен олардың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына бағытталған іс-шара Бағдат Сәмединова, JanSax сынды Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздары, Астана қаласының 14 жоғары, 35 орта арнаулы оқу орындарының студенттері және 84 жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары және қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен  «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында өтті. Концерт барысында, әлеуметтік желіде жарияланған "Тәуелсіздік - тұғырым" ақындар байқауының жеңімпаздары марапатталып, жырдан жауһар шашты. Тәуелсіздік пен бостандықтың қадірін терең түсінуді насихаттаған  шараға елордалық жастар белсене атсалысты.

0
0
107

Осы тақырып бойынша

Астаналық жастар тәуелсіздік мерекесін тойлауды бастап кетті - Yvision.kz