ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
2

Астана жұлдызы ұлттық музыка бәйгесі

Кеше Астана қаласы, Қазақстан концерт залында Астан жұлдызы атты керемет концерт өткен. Жұлдыздар қызыл кілеммен жүрып өтіп, мына жолмен жоғары көтерілді.

Әсел Сағатова ханымның көйлегі керемет екен!

Үздіктерді марапаттап, халыққа керемет кеш ұсынатын сахна осы.

Сұп-сұлу Айгүл Иманбаева ханымның көйлегі де супер! :)

Астана жұлдызы атты доданың басталуын күтіп отырған халық. Енді-енді жиналып жатыр.

Әли Оқапов та келді. Өз репертуарында: баста шляпа :)

Маржан Арапбаеваның кқйлегі де керемет. Жалтырап, көздің жауын алады.

Орда тобы сахнаны жандыруда. Көрермендер сүйсініп тыңдар отырды.

Астана жұлдызы кешінің жүргізушілері - сұп-сұлу ханымдар Баян Есентаева мен Динара Сәтжан.

Үздік этно топ номинациясын табыстаушы Абдулхамит Райымбергенов және Сауле Жанпейсова

Үздік этно топ - Ұлытау. Құттықтаймыз!

Жаңа есім - Малика. Рахат Лукмумның Дикая Роза әнін шырқап жатыр.

Үздік қыздар тобы номинациясы КешYOUға бұйырды. Қыздары келе алмағандықтан Баян Есентаева алды марапатты.

Үздік өңдеуші - Виктор Аленко. Ол да келе алмағандықтан орнына Нұрлан Абдуллин шықты.

Үздік жігіттер тобы - Музарт. Номинацияны Дос-Мұқасан тобының жетекшісі Досым Сүлеев табыстауда.

Үздік жігіттер тобы - Музарт.

Астана телеарнасының арнайы номинациясын Илхам Ибрагим және Маржан Сұлтанбай табыстамақ.

Ел аузында номинациясы Мейрамбек Беспаевқа бұйырды.

Үздік мәтін авторы - Фариза Оңғарсынова. Құттықтаймыз!

Фариза Оңғарсынаова өзі келе алмағандықтан Тамара Асар алды номинацияны

Жігіттер арасындағы үздік эстрада орындаушысы - Жұбаныш Жексенұлы. Құттықтаймыз!

Қыздар арасындағы үздік орындаушы - Маржан Арапбаева

Хит ТВ арнасының арнайы номинацисымен Орда тобы марапатталды.

Көрермендер барлық марапаттауды күтпестен қайтып кетіп жатты. Себебін түсінбедік...

Соңғы марапаттау - Жыл әні номинациясы табысталады.

Жыл әні номинациясын Роза Рымбаева мен Лаки Кесоглу табыстамақ.

Жыл әні - Музарт орындайтын "Қазақтай ел қайда" әні. Музарттықтар қайтып кетіпті, өкінішке қарай :-)