Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астана күнін мерекелеу қарсаңында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығы, Астана күнін мерекелеу қарсаңында, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында 30 отбасы пәтер кілттеріне ие болды. Пәтер иелері қатарында: жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар және халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері.

Екінші шағын ауданда орналасқан жаңа 30 пәтерлі үй "Нұрлы жер"мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды. Қадамдық қолжетімділікте барлық әлеуметтік қажетті объектілер бар.

Салтанатты рәсімде аудан әкімі Әлібек Жақанбаев барлық тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтады.

"Тұрғын үй мәселелерін шешу – біз жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан маңызды бағыттардың бірі", - деп атап өтті аудан басшысы. Қазіргі таңда Есік қаласы мен Шелек ауылында 60 пәтерлі үш тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Яғни, жыл қорытындысы бойынша 180 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

#qazaqstan30

0
0
197

Осы тақырып бойынша

Астана күнін мерекелеу қарсаңында - Yvision.kz