Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астана күні!

2017 жылдың 5 шілдесі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті.

Астана қаласының 19 жылдығы қарсаңындағы жиында Департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев қызметкерлерді құттықтап, еңбегімен ерекшеленген қызметшілерді марапаттады.

Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің грамотасымен Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Аслан Амандықұлы Исин марапатталды.

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Данияр Талапұлы Басығаринге Агенттік төрағасының алғысы жарияланды.

Сондай-ақ, шара барысында Департамент басшысы таяуда облыс көлемінде аталып өткен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді атсалысқан облысымыздың Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұжымы мен Александр Винокуров атындағы Спорт сарайының ұжымына алғысын білдіріп, алғыс хаттарын тапсырды.

 
0
0
572

Осы тақырып бойынша

Астана күні! - Yvision.kz