Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Астана — Еуразия жүрегі»

А.ж. 27 шілдесінде мемлекеттік қызметшілердің рухани-патриоттық тәрбиесін дамыту мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, дін істері басқармасының және Қазақстан жастар Конгресі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Салимов Н.К. еліміздің этносаралық келісім бағытындағы жетістіктері туралы баяндады.

Наиль Камильевич қоғам және тұтастай ел өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы мен рөлі жөнінде айтып берді. Қазіргі уақытта облыста 25 этно - мәдени орталықтары, ал аудандарда 154 бірлестіктері бар.

Дін істері басқармасының өкілі Бейсенбина Г.Г. өңіріміздегі діни жағдай туралы ахуалға назар аударды. Облыстағы діни жағдай тұрақты және басқарманың бақылауында екені атап өтілді.

Қазіргі уақытта облыста 100-ден астам ұлт өкілдері мен 8 түрлі конфессиялар тұрады.

Өз кезегінде, Қазақстан Жастар Конгресінің белсендісі, Экспо – 2017 көрмесіндегі облыс атынан ерікті қатысушысы Гизатуллина Л.Р., көрме өткізуді ұйымдастыру шаралары туралы әңгімеледі.

Халықаралық мамандандырылған көрме – ел тарихының тәуелсіздік кезеңіндегі ең күрделі өткізілетін іс-шаралардың бірі. Көрмеге 115 әлем елдерінің өкілдері мен 22 халықаралық ұйымдар қатысады. Сондай-ақ, Экспо – 2017 көрмесіне ерікті қатысушы ретінде Солтүстік Қазақстан облысы өкілдері жолданады. Олар тарихтағы ең ірі көрмеде қатысу және көрме тарихына ену мүмкіндігіне ие. Сөз соңында, Лилия Рашидовна ЭКСПО өткізілімі бойынша БАҚ-та көп ақпарат бар екенң, бірақ, іс-шаралардың күрделілігін сезіну үшін көрмеге жеке дара қатысуғы және оны өз көзімен көруге шақырды.

Дөңгелек үстелдің соңында Бахриразиев Р. Х., Астананың дамуы барлық серіктес – қалаларды және өңірдің дамытуына әкелетінін айтты. Бүкіл Қазақстан Астанаға теңеледі, оның өмір сүру ырғағына теңесуге тырысады. Қазіргі күні Астана – тек еліміздің ғана емес, бүкіл Азия аймағында өндірістегі, мәдениеттегі, саясаттағы озық технологиялар орталығы.

Іс-шарада жалпы 50-ден астам адам қатысты.

 
0
0
467

Осы тақырып бойынша

«Астана — Еуразия жүрегі» - Yvision.kz