Аспанға самғаған күніміз
Сонымен, кеше менің қаншалықты ұшқыш болуға жақын екендігім анықталды. Естеріңізде болса, жуырда өткен өткен Best Blog Award байқауында осы сайттағы менің блогым 2-ші жүлдені жеңіп алған болатын. Яғни сый ретінде мен бір авиакомпанияның ұшқыштары дайындалатын симуляторда жаттығуға мүмкіндік алдым. Сол туралы сөз болсын.







Сол мезетте таң самалы, жұмсақ ауа мен гүлдердің жұпар иісіне кенелуге болатын. Бір кезде көне ЗиЛ келіп, гулдерді суара бастады:



Данил келгенше, біз сүйіктім екеуміз ойнап жүргенбіз. Сүйіктімді көріп тұрсыңдар ма? :)

Біз әуежай ғимаратының тұсына бет алып, суретке түсіре бастадық:


Бір кезде ғимарат жақтан бізге қарай келе жатқан бір қуанышты кісі көрінді:

Жақындағасын, өзін таныстыра кетпей ме! Қалай десеңізші. "Мен жергілікті диуанамын. Есімім Мага болады", - деді. Мас емес те оған қоса. Біз енді бұл ішімдікке бізден тиын-тебен сұрайды деп ойлап тұрсақ, Мага бізге күнді жақсы өткізуді тілеп, бұл жерде суретке түсірмегендеріңіз жөн, әйтпесе камераларыңызды алып алуы мүмкін деп ескертті. Қоштасар алдында өзін бір рет суретке түсіруді сұрады. Міне, өмірімде көрген ең қызық мүсәпір Мага:

Бұл кезде Данил да өз досы Макс Loki-мен келіп үлгерді. Біз төртеуіміз компанияның офисына қарай бет алдық.
Танысып қойыңыздар, компания қызметкері және біздің жолсерігіміз Анастасия:

Жаттығулар өтетін бөлмеге кіріп, симуляторды көрдік. Бірер минуттан соң жаттығуларымызды бастаймыз:


Алдымен Данил мен менің сүйіктім штурвалға отырды. Даня бүгін кэптің қызметін атқарады. :)

Инструктор Евгений және Настя:

Ұшқыштар командасы Амстердамның үстінен ұшып бара жатыр:


Инструкторлар жан салысып қауіпсіз ұшу ережелерін түсіндіріп жатыр:



Макс жұмыс үстінде:


Капитан Данил мен сүйіктіп борттағы 200 адаммен қазір көкке көтеріледі:

Бәрімізге таныс құбылыс:


Эх, "ұшағымыз" ұша алғанда Гавай аралдарына ұшып кетуші едік:

Данилдің көңілі толған сияқты:



Жаттығу бөлмесіндегі кейбір ережелер:


Екі пилот тұман жағдайында ұшып жатыр:

Ал енді капитанның орнына мен отырдым:

Ұшақты қондыру керек. Артта 200 адам:

Сәтті қондым:

Жаттығулар аяқталғасын, коридорға шықтық. Бұл жерде болашақ бортпроводниктерге арналған жаттығу орны орналасқан:

Осы жерде бізге фуршет берілді. Барлығы нағыз ұшақтың бизнес-класындағыдай:


Есімін ұмытып қалдым, бірақ мына жігіт - аға жолсерік қызметін атқарады екен. Біз асымызды ішіп жатқанда, ол авиакомпания мен әуе қызметкерлерінің өмірінен қызықты жағдайларды айтып беріп отырды:

Қосымша есіктің жұмыс істеу принципін түсіндіруде:

Әрбір жолсерік ұшар алдында есіктің қысымын тексереді екен:

Құтқару жилеттері. Шын өмірде қолдануда сақтасын!

WTF? Маркермен боялған.

Айсұлу қазіргі кезде жолсерік қызметін атқарады екен. Ол бізге қызмет етті:



Дәмді көріне ме? Сіздерді ренжітуге тура келеді - бұл муляж:


Әуеде ұшқандар біле жатар, жолаушыларға әрдайым ыстық бет орамалдар ұсынылады. Оларды жапондар ойлап тапқан екен. Олар ощибори деп аталатын орамалдарды күнделікті өмірде қолданып, ол адамның негативті энергиясын өзіне сіңіріп алатынына сенеді екен. Айтқым келіп отырғаны, жолсеріктер ыстық ощибориді берер алдында, оған керемет жұпар иіс беретін суды себеді екен:

Ас бере бастаған сәт. Данил өзіне тауықтан әзірленген тағамды таңдады:

Макс:

Мынау біріншіге берілген ас:

Екінші асқа маған ақсерке балығынан даярланған тамақ ұсынды:



Осы тойғанымызбен қайттық. :) Күніміз өте қызықты өтті.
