Қасиетті Мұсылман айлары жақындап келеді, содықтан жалпы мұсылман қауымы білгендей, еске салып отырмын!
Раджаб айы – мағанасы: -(Алладан кешірім үміттену!).
Мұхаммед (с.ғ,с.) хадисінде:- «Раджаб – Аллаһ тағаланың айы, Шаһбан – Менің айым, Рамадан – Үммәтімнің айы.
Раджаб айының басқа айлардан артықшылығы, Құранның адам сөзінен артықшылығындай. Шаһбан айының артықшылығы Менің басқа пайғамбарлардан артықшылығымдай. Рамадан айының басқа айлардан артықшылығы, Аллаһ тағаланың, Өзі, істеген істерінен артықшылығындай».
Хадисте айтылған: «Раджаб айында бір күн ауыз бекіткен кісі Фирдавс жүмаққа кіреді» - деген.
Хадисте: - «Раджаб айында, бірінші күні, 15-ші күні және ақырғы күні ауыз бекітсең, бір ай ораза ұсағанға тең»- деген. «Егер 8 күн ауыз бекітсең, Аллаһ тағала Жұмақ есігін саған ашады»- деген.
2018 жылғы Раджаб айында ауыз бекітуге қолайлы күндер: - (19-03, 22-03, 02-04, 29-04, 05-04, 09-04, 12-04, 16-04, 19-04).
Рағаиб түні – Раджаб айындағы, қасиетті түн. Айдың бірінщі бейсенбісінен, жұмаға ауған түн - (Ләилә түн- Рағаиб)- (Кешірім үміт -түні), (Ғибадат түні), (Аллаһ тағалаға жалбарынатын түн).
Шаһбан айы – (Жақсылық жайылыуы!)
Бір ғұлама айтқан: «Раджаб айы - дене тазартады, Шаһбан айы –жүректі тазартады, Рамазан айы – жаныңды тазартады» - деген.
Ерекші істер осы Шаһбан айында өтеді. Еске алсақ Аллаһ тағаланың түсірген аятында айтылған «Байту-л-Муқаддастың (Иерусалим) орнына ал-Байта-ал-Му аззам (Мекке дегі Қаһба) құбыла болсын» деген.
Хадисте: «Сауаб істерің Шаһбан айында 700 ретке көбиеді». Ауыз бекітуге өте бағалы, айдың ақырғы дүисенбісі, мен 15-ші күні... Бүл айда барлық игілікті істер Раббымызға көтеріледі»-деген. Шама келгенше бұл айда ауыз бекітіп. Ғибадат қылу, Сауаб жыиу керек.
Шаһбан айының қасиетті түні, Барақат түні (Лайлә –түл – Баракат)-«Тазалану»-мағнасында. Барақат түні, Шаһбан айының 14-нен 15-не қараған түні. Бүл түнде Аллаһ тағалаға жалбарынып, жақсы тілек тілеу керек.
Рамадан айы
Бүл айда Құран түсе бастаған. Аллаһ тағала бізге, мұсылмандарға, ауыз бекітіп, ораза ұстауды парыз етілген ай.
Хадисте:- «Ақыр заманда, Алла тағаланың сұрағында, таразда, күнә жағы басып бара жатса Құран, Намаз, Ораза ара түсіп «бүл Мұсылманды жұмаққа жолда»- деп жалынады. Мұхаммед (с.ғ.с.) «Үмәтімә жеңілдік бер»-деп ара түседі! Қайтқан сәби баласы, – Аллаһ тағаланың еркесі, олар да ата, анасына жеңілдік сұрап шырылдайды екен. Аллаһ тағаланың сүйікті Алим, діни өқуымен дамыған балалары да, Аллаһ тағаладан ата, анасына жеңілдік тілейді».
Аллаһ тағала бұлардың тілектерін құр қалтырмайды!
Рамадан, Ораза айы, (2018 жылғы, 16 мамырдан –14 маусымға дейын). Мүсылмандарға 30 күн орза ұстау парыз. Ораза мұсылманға сынақ. Аллаһ тағалаға шын сенген кісі сәресіден ауыз ашарға дейын нәр татпайды. Ораза тәрбиесі:-Мұсылмандар тіліне ие, өсек, жаман істі – көру, есту, айту күнә деп біледі.
Оразаның емдігі: Пайғамбарымыз(с.ғ.с) айтқан «Сендер, емделу үшін ауз бекітіңдер»-деп
Рамадан айының қасиетті түні- Ләйлә түл – Қадыр – (Құдыреті күшті түн) «Қадыр түні 21-нен не 23, не 25, не 27 түніне қарағанда болады» - деген, болжам бар.
Сәресі дұғасы: - «Ниет еттім Аллаһ тағала ризалығы үшін таңнан кешке дейін Рамазан айының оразасын ұстамаққа».
Тілек тілеп, болған соң -«Тілектерімді қабыл қыла гөр»-дейді.
Ауыз ашар дұғасы:- «Ей, Аллаһ тағалам! Сенің ризалыығың үшін Ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Өзің берген несібеңмен ауызымды аштым. Ертеңгі күннің оразасына ниет еттім, менің өткен және келер күнәләрімді кешіре гөр»- деп бата тілейды.
Шаавал айы (2018 ж. 15 – 06, --- 13 – 07.)
Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде: «Кім де кім, Рамазан айында оразаны толық ұстаса, Шаавал айында 6-күн ауыз бекітсе, ол өмір бақи ораза ұстағанға тең»- деегн!
Құлақ сал ағаиын!
Алланің Әмірін Жәбрейіл пайғамбарға жеткізіп тұрды.
Бұл Әміді Расуыл елге жайды, Кұран жерге түсті.
Біз мұсылмандар жазмышқа сенейік.
Гүлдендірсін табиғатты періште Мекейіл
Бұл өмірде қызық қой, жанымызды алуға асықпасын Әзрейл.
Ә, Аллам қабырда қинаттырма Мүңкір мен Нәңкірге.
Қарамин жазған сауабым, Қатибиндікінен асып тұрсын.
Зұқайыл апарған таразға, жақсылығым басып тұрсын.
Жылы жүзбен қарсы алып, Ридуан Жұмақ есігін ашып тұсын.
Білім алдым Сурушке сүйеніп, ізденіп бұл жалғанда
Тамашаладым Дардайыл ай, күн, жұлдыздарды құлпыртқанына,
Киелілер періштесі Ысмайыл әменде болғандай қасымда.
Ібліске көнбедім, Мәлік кірді түсіме, тозақтан құтқарғаныма?
Ағайын, бұл өмірде жақсылық- сауаб көбрек жасайық,
Ол дүниеде, жаман істер үшін, тамық отында жанбайық,
Жөғарғыда аталған Періштелер, аяушылықпен қолдасын.
Алла- құлым, Мұхамед- үмәтім деп, Иман болсын жолдасың!
Жанабаев Мухамедқалым Исағул ұлы
Павлодар қ-сы.
19.02. 2018 ж
т. 8 707 220 01 42