Қашықтықтан кездесу
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Рада Мұратқызы, Гүлдариға Ғарифоллақызы және Жаңылсын Балтабайқызы кәсіподақ мүшелерімен қашықтықтан кездесу ұйымдастырып үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.
Жиналысқа қатысқандар кандидаттардан аудан бойынша ғаламтор желісінің сапасын, автомобиль жолдарын жөндеу туралы мәселелердің шешілуін сұрады және жеке мәселелер бойынша анықтамалар алды.
Шара барысында кандидаттар партияның Теректі ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, 2021 жылғы 10 қаңтар күні өтетін сайлауға партияны қолдауға шақырды.


