Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қашықтықтан білім беру платформаларын тиімді қолдану» тақырыбында онлайн конференция өтті.

Тарбағатай ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Қашықтықтан білім беру платформаларын тиімді қолдану» тақырыбында аудан мектептерінің ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне онлайн конференция өтті.

Конференция мақсаты :Ағылшын тілін қашықтықтан оқытудың іс-тәжірбиесімен бөлісу. Мұғалімдердің біліктілігін, шеберлігін, құзыреттілігін арттыру, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

Қашықтықтан оқыту жағдайында қалыптастыру, жоспарлау және ұйымдастыру,«Ағылшын тілін оқытуда blimland платформасын және onlaiemektep жобасын пайдалану»,

Ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын дамытудың жолдар, "Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушыларды сабақ үдерісіне тарту" тақырыптарында ағылшын тілі пәні мұғалімдері тәжірибе алмасты.

Оқытуда blimland платформасын және onlaiemektep жобасын пайдалану жөнінде әдістемелік көмек берілді.

0
0
224

Осы тақырып бойынша

«Қашықтықтан білім беру платформаларын тиімді қолдану» тақырыбында онлайн конференция өтті. - Yvision.kz