Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ашық әкімдік» жобасы енгізілді

2017 жылдың 5 маусым айында Елбасының «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарында көрсетілген тарнспарентті және есеп беретін мемлекетті қалыптастыруды іске асыру, Орал қ. әкімдігі бөлімдерінің баламалы жолмен іске асыратын жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет түрін көрсетуге арналған ыңғайлы алаң ұйымдастыру мақсатында «Ашық әкімдік» жобасы енгізілді. Жоба Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен, ҚР Бас прокуратурасымен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен және «Атамекен» ҰКП бірлесе жүзеге асырылады.

Жоба аясында қалалық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары  және қала әкімдігінің кеңсесі халыққа қызмет көрсетеді.

«Ашық әкімдік» жобасы 4 қағидатына негізделіп жүргізіледі:

- Ашықтық (қызмет көрсету кезінде жемқорлық тәуекелдерінің азаюы);

- Қолжетімділік (халыққа кедергісіз қызмет көрсету);

- Қызмет сапасы (ыңғайлы электронды кезек жүйесі);

- Ыңғайлылық (залда қызмет алуға барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы орындықтар, кондиционер, су диспенсері, кофе автоматы бар).

«Ашық әкімдік» бір ай бойы тесттік режимде жұмыс істейді, операциялық зал жұмысы мен қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ескертулер мен келушілер қалаулары ескерілетін болады.

 
0
0
790

Осы тақырып бойынша

«Ашық әкімдік» жобасы енгізілді - Yvision.kz