Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ашық есіктер күнін» өткізу

Азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары, әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жолдары және жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жөніндегі ақпараттық –насихаттау жұмыстары бойынша бекітілген медиа-жоспарға сәйкес Департамент пен Астана қаласы әкімдігі бірлесіп әлеуметтік саладағы  ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуде.

А.ж. 28 сәуірінде Достық,13 көшесінде орналасқан  «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының Алматы аудандық бөлімшесінде  «Ашық есіктер күні» өтетінін хабарлаймыз. Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселесі бойынша ақпарат алып, Сізді мазалайтын  сұрақтарға жауап алуға болады.

0
0
259

Осы тақырып бойынша

«Ашық есіктер күнін» өткізу - Yvision.kz