Ашық есік күндері

2015 жылдың 20 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде облыстағы ЖОО-ның бітіруші студенттеріне арналған «Ашық есік күндері» өткізілді.
Қатысушыларды Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңестің төрағасы Н.Сүйінбаев қарсы алды. Ол студенттерге кадр саясатының құрылу тәртібі мен мемлекеттік қызметке қабылдау жағдайын түсіндіре отырып, мемлекеттік қызмет ол – мемлекеттік биліктің институтынан толыққанды әділ және профессионалды жүзеге асырылатын халыққа қызмет ету екендігін түсіндіріп өтті.
Іс-шара барысында студенттер Департаменттің кезекшілік бөлімі, персоналды басқару бөлімі, сотқа дейінгі тергеу басқармасы, мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасы, ақпараттық-техникалық бөлімі, ішкі қауіпсіздік бөлімінің жұмысымен таныстырылды.
Сонымен қатар, студенттер «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысындағы тестілеу класында болды. Мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш тесттен өту ережесін түсіндіріп, оның ашық өтетіндігі аталып өтілді.

