ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» - 2 бойынша семинар

2020 жылдың 5 наурыз күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында колледждер мен облыстық мектептердің есепшілері мен мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлерінің қатысуымен «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасымен жұмыс жасау бойынша семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында Департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин жүргізіліп жатырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайы мен заңбұзушылыққа жол бермеу бағытында алынып жатырған шараларға тоқталды.

Б.М.Хайруллин бюджет қаражатын үнемді пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атай отырып, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасымен» жұмыс жасау және оны толықтыру тәртібін түсіндірді.

Семинар барысында, кездесу барысында білім беру мекемелері өкілдері өздерінің сұрақтарына жауап алып, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.