«Ащыбұлақ» БПҰ төрағасы м.а., округ әкімі Оңалбаев Жасұлан Шералыұлының қатысуымен жиналыс өтті.
2021 жыл 12 ақпанда Жәпек батыр ауылы Ардагерлер үйінде «Nur Otan» партиясы Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы, «Ащыбұлақ» БПҰ төрағасы м.а., округ әкімі Оңалбаев Жасұлан Шералыұлының қатысуымен жиналыс өтті. «Nur Otan» партиясы «Ащыбұлақ»БПҰ-ның жиналысына партия топтарының жетекшілері, партия белсенділері, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері, шаруа қожалықтары өкілдері, ақсақалдар алқасы мен қоғамдық кеңес мүшелері, білім, денсаулық сақтау саласы өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, барлығы 15-20 адам қатысты. Жиында «Ащыбұлақ»БПҰ-ның 2020 жылы атқарылған жұмысы жайлы «Ашыбұлақ» БПҰ хатшысы Б.Еламанова есеп берді. «Nur Otan» партиясы «Ащыбұлақ» БПҰ жиналысында ОҢАЛБАЕВ Жасұлан Шералыұлы бірауыздан «Ащыбұлақ» БПҰ төрағасы болып сайланды.


