Асхат Мурзабаев: “Дипломдық жұмысымды Майкрософт компаниясына сатып жібердім”
Белгілі бағдарламашы, Chocolife компаниясының ІТ-директоры әрі twitter.com әлеуметтік желісінде Product Manager қызметін атқаратын отандасымыз, атыраулық азамат Асхат Мурзабаевтен @murzabayev сұхбат алдық.
Өзі жас болса да ІТ саласында біраз тәжірибе жинақтаған, оның үстіне альпинизммен айналысатын Асхат бізбен болған сұхбатта біраз қызықты жәйттар туралы айтып берді.
Сонымен бұл кездесуден еститіндеріңіз:
- Асхат Майкрософт компаниясына дипломдық жұмысын қалай сатты;
- Twitter әлеуметтік желісіне қалай жұмысқа тұрды;
- Machine learning деген не;
- Ruby әлде php;
- Product manager не істейді;
- Back end пен front end бағдарламашысы не білу керек;
осы және тағы да басқа қызықты мәліметтер.
Әлемдік әлеуметтік желіде жұмыс жасайтын отандасымыз туралы осы сұхбатты көріп болған соң әлеуметтік желілер арқылы бөлісе отырайық.
