Асан Сүйіндік қала тұрғындарының үйін аралады
Бүгін ҚР парламенті мәжіліс депутаттығына Асан Сүйіндік Юржанұлы Қарағанды облысы, Абай қаласында "NurOtan" партиясысың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында партияның "Есіктен есікке" бағдарламасы аясында қала тұрғындарының үйін аралады.
Бағдарлама аясында бірнеше зейнеткер-кеншілер кейінгі жылдарда қалаға көп көңіл бөлініп, көшелерге асфальт төселіп жатқандығын айтып, ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, әліде болса атқаратын жұмыстар бар екенін айтты. Мысалы: көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына балалар ойыналаңы салынса, көптеп жарық шамдар орнатылса деген сұраныстарын айтты.
