Асқақтай бер Ару қала – Нұр -Сұлтан, туған күнің құтты болсын –Астана!!!
«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Нұр – Сұлтан қаласының туған күні. Жас қала, ару Нұр – Сұлтан көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Әлемде аждаһаданда айбарлы, ғаламдық жаһанданудан аман өткен Нұр – Сұлтан бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көрпкейіп, гүлденуде. Бұл да болса халықтың айрандай ұйыған ауызбіршілігі, тұрақтылығы және ең бастысы шаттығы шалқыған бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқаны, ақ көңілді, кең пейілді, ешкімді жатсынбайтын, арамдықтан ада, қиянаттан шет, жомарт мінезді, кез келген адамзатты бауырана баса білген бауырмал ешкіммен теңдесі жоқ қара қазағымның арқасы. Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан жаңа қаламыз ешқашан жойылмасын. Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін. Асқақтай бер Ару қала – Нұр -Сұлтан, туған күнің құтты болсын –Астана!!! Астана күні қарсаңында кітапханада «Астана мерейі» атты кітап көрмесі жасалып, оқырмандармен бірге Нұр – Сұлтан қаласына онлайн саяхат ұйымдастырылды. Шара барысында оқырмандар көрмеде орын тапқан кітаптармен танысып, Тыныбаева Жұлдыз өзінің Нұр – Сұлтан қаласына сапарлап барғандағы алған әсерімен бөлісті.
