Қаржы ұйымдары қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
"Nur Otan" партиясы Жәнібек аудандық филиалының мәжіліс залында Саяси кеңес мүшелерінің аудан орталығындағы қаржы ұйымдары қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланып, Жолдаудан туындайтын міндеттер пысықталды. «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев партия алдында тұрған міндеттерге тоқталып, Жолдауды іске асыру «Nur Otan» партиясы іс-қимылының басты бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Өз кезегінде кездесуге қатынасқан қаржы саласының қызметкерлері Жолдауды қолдайтындығын және атқарылуы тиіс жұмыстарды іске асыру бағытында бар күш-жігерлерін жұмсайтындығын тілге тиек етті.
Кездесуді қорытындылаған «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев қаржы қызметкерлерін 15 қарашада атап өтілетін қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыстар тіледі.

