Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қаржы басқармасының қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет туралы

А.ж. 17 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаржы басқармасының қызметшілеріне құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет  туралы кейбір ҚР заңнамасының  актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша семинар өткізілді.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаментінің бас маманы Г.Д. Сәрсембаевамен мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу, сынақ мерзімінен өту және тәлімгерлерді бекітудің тәртібі, тағылымдамадан өту, ротация жүргізу қағидаларының соңғы енгізілген өзгерістері мен толықтырулары түсіндірілді.

Одан басқа тыңдаушылар мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларына енгізілген жаңа талаптарымен таңыстырылды.

Барлық қызықтырған  сұрақтарға қанағаттанарлық жауап қайтарылды.

0
0
570

Осы тақырып бойынша

Қаржы басқармасының қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет туралы - Yvision.kz