Қаржауов Талғат және аудандық мәслихатқа үміткер Сұлтанмұрат Айбек ауыл тұрғындарымен кездесті.
Қазыбек би ауыл әкімшілігіне қарасты Қазыбек би елді мекенінде облыстық мәслихатқа үміткер Қаржауов Талғат және аудандық мәслихатқа үміткер Сұлтанмұрат Айбек ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Жиын соңында тұрғындар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып тұщымды жауаптар алды.
