«Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық көріністері, оларды болдырмауға бағытталған шаралар»
05.11.2019 жылы сағат 10:00-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) "Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлықтың көріністері, олардың алдын алуға бағытталған шаралар"тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараны өткізу үшін 5517 әскери бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары майор Омаров пен киім-кешек қызмет бастығы лейтенант Қыдыровқа қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚІЖК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыныс себеп болды.
Батыс Қазақстан облысының Қарулы Күштері қатарында сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейін ескере отырып, іс-шараға ҚР ҰҰ "Батыс" өңірлік қолбасшылығының басшылығы (тәрбие жұмысы бойынша), 5517 ә/б, ҚР ҰҚК ШҚ 2029 ә/б, БҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, Орал гарнизоны прокуратурасының өкілі, сондай-ақ аталған бөлімшелердің жеке құрамы, "Нұр Отан" партиясының өкілдері, арнайы мониторинг тобы, БАҚ және қоғам өкілдері шақырылды.
БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р. С. Ақмырзаев жиынды ашып сөз сөйледі. Ол өз сөзінде соңғы екі жылда (2018-2019) ел бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жасаған 3 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық анықталғанын, тергеу 5 адамға қатысты жүргізілгенін, барлығы сотталғанын атап өтті.
Оның ішінде 2 қылмыс пен 3 адам БҚО-ға келеді. Ағымдағы жылы Ұлттық ұлан қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстары осы өңірде анықталғанын атап өтті.
Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н. Самет қатысушыларға қылмыстық істің нақты мән-жайлары, сондай-ақ 5517 ә/б лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау себептері мен шарттары туралы жеткізді. Қылмыстық істің мән-жайын ескере отырып, ӘБ лауазымды тұлғалары өз қалауы бойынша кез келген уақытта кір жуу орнын тексеріп, ескертулер жасап, оларды жоюды талап ете алды.
Өнім беруші қызметінің сапасын бақылаусыз тексеру мүмкіндігі лауазымды тұлғаларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін жағдай жасайды деп жеткізді.
Осыған байланысты, алдағы уақытта ұқсас фактілерге жол бермеу мақсатында ӘБ шартқа сәйкес қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыруды, бақылау тексерулерін жүргізудің нақты тәртібін әзірлеуді ұсыну қажет деп санайтынын ескертті.".
Өз сөзінде ҚР ҰҰ "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Б. К. Алазов қызметтік тексеру нәтижелері туралы есеп берді: «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор А. Б. Сералиевке «қатаң сөгіс» жарияланды, қолбасшының тыл жөніндегі орынбасары полковник А. М. Ибышев «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді» және ҚР ҰҰ қатарынан шығарылды, 5517 ә/б командирі полковник М. А. Болтриков «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді» және атқаратын қызметінен босатылды, «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді» «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери полициясының бастығы полковник Б. Д. Мұсабеков, әскери полицияның аға жедел уәкілі подполковник С. В. Басс, әскери полиция офицері В. Хайруллин.". Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқандығын ескертті.
Қалған қатысушылар өз қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы баяндады. Атап айтқанда, ҚР ҰҚК ШҚ 2029 ә/б командирінің орынбасары А.Қ. Қаженов қазіргі уақытта өткізу пункттерінде шекара нарядтары пайдаланатын "Дозор-78" портативті алып жүретін жеке бейнетаспаларды сатып алынғандығы туралы баяндады.
Қорғаныс істері жөніндегі департаментке осы бағытта басқа да әскери құрылымдармен жұмыс тәжірибесімен бөлісу ұсынылды.
Іс-шара соңында Н. Самет барлық қатысушыларды адалдыққа, парасаттылыққа, сатылмаушылыққа, азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге шақырды.
