Қарт тағдыры («Қарттар үйі»)
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Secret Garden «Song form a secret garden»
Бейнематериал авторлары – AstanaTV «Қадірі кеткен қария» №37
Таң нұры «Қарттар үйі»
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
“Өзі кетті, дейсің-ау”- мен сұрасам
Әй ұрпағым, не болып, бүгін барасың?
Қарттар үйі, қалай болды, бұл қадам?
Жетім қылып ата-анаңды, жатасың?
Бауыр етім – балам деген анаңнан
Ұл-қызым деп, сенім құрған әкеңнен
Сен үшін деп, бар жақсысын, сақтаған
Ішпей-жемей, киім киген ескіден
Өстің-кеттің, адам болдың, солай ғой
Арқасында, кімнің жеттің, сұрақ қой
Кезек дүние, ертең алда, шіркін-ай
Кәрілікке, өмір салар аямай
Сөз сүйектен өтеді, есте сақта
Дақ түсірме көңілге, жара салма
Шамаң жетсе еркелетіп, тек мақта
Өзің түгел жарыңа, ауыр сөздер айттырма
“Өзі кетті, дейсің-ау”- мен сұрасам
Кім болғысы келеді, тірі жетім
Не болып барады, бұл өмір, неткен жалған
Кеш пеңдеңді адасқан, кеш Тәңірім
https://www.youtube.com/watch?v=yms39GtrWKc
