Қарсақпай мыс қорыту зауыты жұмыскерлерімен кездесу
"Nur Otan" партиясының Ұлытау аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Б.Қожахметов Қарсақбай кентінде орналасқан Қарсақпай мыс қорыту зауыты жұмыскерлерімен кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. "Nur Otan" партиясының бес жылдық жоспарын түсіндірді. Алдағы келе жатқан сайлауға белсене қатысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
