Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Арнайы мониторинг топ мүшелерімен «галстуксыз» форматта кездесу өтті.

2019 жылы 17 тамызда ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И. Самет төрағалығымен облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерімен жиын өткізілді. Кездесу «галстуксыз» форматында өтті.

Кездесу барысында облыстық арнайы мониторингтік топ құрамын қайта жасақтау мәселесі көтеріліп, топтың алға қойылған мақсаттары айқындалып, оларды сапалы, тиімді орындау жолдары пысықталды.

Атап айтқанда, арнайы мониторинг топ пен жергілікті атқарушы органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы өзара тиімді қарым қатынас орнату мәселелері, топ құрамын сапалы мүшелермен қайта жасақтау, аудандық арнайы мониторинг мүшелерінің қызметін жандандыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын жол белгілеріне, жолдардың сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу, халыққа қызмет көрсету орталықтарын кеңейту және жылжымалы мүлікке (автокөлікке) полиция департаментімен берілетін анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беру жолдарын қарастыру.

0
0
286

Осы тақырып бойынша

Арнайы мониторинг топ мүшелерімен «галстуксыз» форматта кездесу өтті. - Yvision.kz