Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Армандардың орындалу қасиеті бар!

Адам өзінің армандарына жеткен сайын армандай бергісі келетіні анық. Әрине арманның шегі жоқ.

Ал менің арманымдарымның бірі -Журналист,тележүргізуші болып халықтың алдында жүру.

Армандап жүрген мамандық-жаһандық аренада танымал қазақ журналист болу.

Дүние жүзі журналистерінің ең ірі бірлестігі, яғни Халықаралық Журналистер Федерациясының мүшесі болып, қазақ еліндегі журналистика саласының беделін әлемдік деңгейдегі елдермен теңесуіне өз үлесімді қосу. Бұл ой маған ғайыптан, не болмаса, ата-анамның қалауынан келген жоқ. Бұл менің өз таңдауым, менің бұл арманым, біріншіден өзіме деген сенімділікпен, екіншіден Алланың қолдауымен орындалатынына сенемін. Менің бұл үлкен арманыма жету үшін ізденіс, талпыныс, жігерлік, қайраттылық, сенімділік және әрине жақындарымның қолдауы қажет.

Ия, білемін журналист деген оңай мамандық емес, күн демей-түн демей әділдікті жақтап, жалғандықпен алпарысып. Онсызда ғажап әлемді шынайылықпен әділеттікке толтыру үшін жанын береді. Ұйқы, отбасы, уақыт, уайым. Міне осы ресурстарды журналист маманы құрбандыққа әкеледі. Әрине бұл тек басында, әрмен қарай уақыт өте, тәжірбие жинай келе барлығын бірге бір қалыпта алып жүруге болады.

Армандардың орындалуы өз колыңызда ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. Бір орында отыра берген адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды. Осы жерде Бауыржан атамның «Мақсатыңа жетпейінше, дос пен жауға сыр ашпа» деген сөзі өте орынды.

0
0
261

Осы тақырып бойынша

Армандардың орындалу қасиеті бар! - Yvision.kz