Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Армандаңдар адамдар, армандаңдар...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - https://vk.com/public56982889

Инстаграмм - aikosmuz

Армандаңдар адамдар, армандаңдар,

Мынау аумалы өмірден, бәрін алып.

Аспасаңда әйтеуір, кем қалмаңдар,

Атқан таңға қайтадан, үміт құрып.

Тілектерге жол ашып, бақыт шығар,

Ғашықтарға, өмірге, болған құмар.

Таяқ жеген тағдырдан, мұны ұғар,

Жыласа да, күш жинап, сынбағандар.

Мүмкін емес армансыз, өмір сүру,

Мүмкін емес жыламай, тағы күлу.

Мүмкін емес құламай, тағы тұру,

Мүмкін емес бір қурамай, гүлдену.

Оңнан шықсын жұлдызың, жол сілтеген,

Бақытты бол оқырман, өнер сүйген.

Махаббатта самғасын, сүю білген,

Бірге жүрсін «Береке», жыл әкелген.

Ата-ана, от басы, аман болсын,

Жаратқанның мейрімі, толық болсын.

Әр бесікке сәбидің, үні қонсын,

Туған елім, кең далам, аман болсын!

2
0
616

Осы тақырып бойынша