Арман Оразбайұлы Маңғыстау жастарымен кездесті
Кездесуге үгіт науқанына қатысып жүрген белсенді жастар, қала мен аудандарға жауапты координаторлар қатысты.
⠀
Кездесу барысында Арман Оразбайұлы жастарға сайлау алды үгіт кезеңіне қатысып, халықты партияға дауыс беруге шақырып жүрген белсенділерге алғысын жеткізіп, алда да партияның дамуы жолында еңбек етуге шақырды.
⠀
«Өңірде 693 белсенді үгіт науқанына қатысуда. Қазіргі уақытқа дейін 79711-үгіт материалдары жабыстырылып, «Есіктен есікке» акциясы аясында өңір тұрғындарына таратылды. Барлық жастар имидждік киіммен қамтылды, келісім-шарт жасақталды» дейді «Jas Otan» МОФ төрағасы Н.С.Мағдатов.
