Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ардагерлермен бағдарламаны таныстыру мақсатында кездесулер өткізіп, сұхбаттасу жүргіздік.

Сайлау алдында қаламыздың гүлденуі үшін еңбек етіп, тер төккен ардагерлермен бағдарламаны таныстыру мақсатында кездесулер өткізіп, сұхбаттасу жүргіздік. Сол кездесудің бірі 24 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясынан қалалық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер Г.С.Дюсупова, Қ.Джаумбаев, С.Е.Шораев,, И.Қонысбаевтар болып, Атырау қаласының құрметті еңбек ардагері Мәдина Габдусалимова апамызбен өтті. Апаймен амандық саулық сұрасып алғаннан кейін өзіміздің сайлауалды бағдарламаларымызбен таныстыра отырып, Мәдина сынды апаларымыздың салған сара жолын жалғастыру мақсатында апайдың ақыл-кеңестеріне құлақ салдық.

Әңгіме барысында Мәдина апамыз Мәскеу қаласында жоғарғы партия мектебінде жүрген кезде мемлекеттік қызметкерлермен бірге Н.Ә.Назарбаевпен кездескендерін, сол кездесудегі фотосуреттер кітап бетінде жарық көріп, қазіргі таңда тұңғыш президент Н.Назарбаевтың мұражайында кітап қорында сақталғанын айтты. Сонымен қатар еңбек жолында кездескен қиындықтар мен жетістіктер туралы ұмытылмас естеліктерімен бөлісті. Еліміздің тыныштығы мен болашағы үшін жастарымыз білімді болуы керек деді.

Сөз соңында Мәдина апамыз елдің тыныштығы мен халық үшін қызмет жасайтын жандарға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

0
0
182

Осы тақырып бойынша

Ардагерлермен бағдарламаны таныстыру мақсатында кездесулер өткізіп, сұхбаттасу жүргіздік. - Yvision.kz