"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясындағы іс-шаралар
Ардагерлердің бір күндік тіршілігіне атсалысу мақсатында Бақтыбай ауылдық округінің еріктілері мен жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы А. Ешмуханбетованың ұйымдастыруымен Ардагерлерді ардақтайық жобасы аясында іс-шаралар өткізілді. Шараның барысында Бақтыбай ауылының жалғыз басты қарт кісіге көмек қолын созды. «Ел қариясы, ел қазынасы»- демекші, еріктілер жалғыз басты Третьякова Мария апамыздың есік алдындағы қар мен үйдің айналасын тазалап беру арқылы өз көмектерін тигізді
