«Ардагерлерді ардақтайық»жобасы аясында,тыл ардагері БекишевДемеуғали атамызды мерекемен құттықтады
7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай,« Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, тыл ардагері Бекишев Демеуғали атамызды мерекемен құттықтадым. Атамыз 1936 жылы туылған, жасы 85.Әңгіме барысында 1956—1958 жылдары арасында Чукотка түбегінде әскер қатарында болғанын, елге оралғаннан кейін совхозда, кейін мәдениет үйініде қарауылшық қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққанын, еңбекке бала жасынан араласқанын әнгімеледі. Бала кезімізде есімізде қалғаны біздің мәдениет үйіміз жайқалған теректерің қоршауында болатын. Бұл Демеуғали атаның зор еңбегінің арқасы екенін ауылдастар күні бүгінге дейін айтып жүреді. Ерен еңбегіде зая кеткен жоқ. 2015жылы Қ. Р Президентінің19 қантардағы 992 Жарлығымен «70 лет Победы в«Великой Отечественной войне 1941-1945г» мерекелік медалімен наградтталса, Ресей Федерациясының Президенті Жарлығымен 2019 жылы «75 лет победы Великой Отечественной войне 1941—1945г» мерекелік медалімен марапатталды. Атамыз еліміз аман болсын, ұрпақтар тыныштық өмірде ғұмыр кешсін деген тілегін айтты. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты ардагерлеріміз! Қатарларыңыз сиремесін, аман болыңыздар. Ақжайық аудандық мәслихат депутаты С.Дошанова
