Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ауған соғысы ардагерлерімен жастармен кездесті.

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында Ауған соғысы ардагерлері Киелітас бастауыш партия ұйымында жастармен кездесті.

Кездесу барысында белсенді партия мүшелері өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселелерін талқылады. Ардагерлер жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде әскери-патриоттық жиындар, түрлі конкурстар өткізілгенін атап өтуге болады.

Сонымен қатар Соғыс ардагерлері өздерін қолдау бағытындағы мәселелер көтеріп, жиын төрағасы Ә.Оспанов қойылған сұрақтарға жауап беріп, оң шешімі табылатына сенім білдірді.

Қатысушылар Қазақстанның болашағы жастардың тәрбиесіне, олардың туған елге деген көзқарасына байланысты екенін атап өтті. Жас ұрпақтың қолында Отанымыздың жетістігі мен гүлденуінің кілті бар, ал мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың өз тарихын жақынырақ танып білуге көмектеседі.

2
0
145

Осы тақырып бойынша

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ауған соғысы ардагерлерімен жастармен кездесті. - Yvision.kz