«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы
📷«Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қоры, «Nur Otan» партиясы Щиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен жастарды патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін құрметтеу, олардың ғибратты әңімелерін кейінгі ұрпаққа насихаттау, ұлықтау мақсатында «Қалың қалай, ардагер» атты жастар акциясы өтті.
Акция барысында:
📷Нартай Бекежанов ауылының тұрғыны Ұлы Отан Соғысының ардагері Байжанов Сәрсенбек Байжанұлымен аудан волонтерлары арасында сырлы сұхбат өрбіді. Қарияның майдан даласындағы көрген қиындықтары жайлы қызықты әңгімелер мен естеліктер айтылды.
