"Ардагерлерді ардақтайық" жоба бойынша
"Ардагерлерді ардақтайық" жоба бойынша медициналық қызметтерді қамтамасыз ету және олардың сапасы мәселелері бойынша мониторинг жүргізілді. Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығымен аудан бойынша 220 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Әлеуметтік қызметкерлер қарамағындағы қызмет алушыларға аптасына екі, үш рет барып, үйлеріне құрғақ және дымқыл тазалық жүргізеді. Дүкеннен қажет азық-түліктерін әкелу, дәріханадан қажет дәрі-дәрімектерін жеткізу секілді көмек көрсетеді. Олар әр-түрлі жастағы адамдарға көмек берумен ғана шектелмейді. Бір мезетте педагогтің, дәрігердің, заңгердің, психологтің қызметін де атқарады. Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы ауыр бола тұра, қызмет алушының бабын табу мақсатында қалтықсыз қызмет ету дене күшімен бірге психологиялық табандылықты да қажет етеді. Тек қана кең жүректі, адами бейнесі айқын, өзінен гөрі өзгелерге болсын дейтін адамның ғана қолынан келері анық. Аталған мекеме қызметінің басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің көмекке зәру қарттарға, жетімдер мен мүгедектерге қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы.
