«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында өткен құттықтаулар
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аудандық мәслихат депутаты Айжан Балажанова, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі және "Агрофирма Керуен" ЖШС бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықттады. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ардагерлерге зор құрмет көрсетіп, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің атынан Алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар «Агрофирма Керуен» ЖШС жеміс-жидек пен сусындардан тұратын себеттерді сыйға тартып, қаржылай сый-сияпаттарын табыс етті. Отан үшін кеудесін оққа тосқан осындай майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Оларға деген құрметіміз шексіз.
#ардагерлердіардақтайық
#ардагерлердіардақтайықҚарасайауданы
