Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында кездесу өтті

"Nur Otan" партиясы Бөрлі аудандық филиалының бірінші орынбасары М.Махауова партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Бөрлі ауылына барып, ардагерлермен жүздесті. Елдегі карантиндік жағдайға байланысты кең көлемде отырыс жасамаса да, жиналған ардагерлер арқылы олардың қал жайын сұрап, сауалдарын тыңдады. 635 зейнеткері бар Бөрлі ауылы аудандағы үлкен округтің бірі. Ардагерлердің сауалдарының басым көпшілігі ауылдағы фелдшерлік бөлімше дәрігердің тұрақтануы жайында болды. Кездесуге қатысқан ауыл әкімі Б.Макеев те "Елдегі жағдайға байланысты дәрігер керек-ақ. Қазіргі уақыта ауылға аптасына 2 рет келетін дәрігердің, алдағы уақытта тағы да қосымша уақытпен келсе" деген ардагерлердің тілегін жеткізді.

Партия төрайымы алдағы уақытта медицина мамандарымен келісіп, ауылға медициналық тексерістен өтуге мүмкіндік жасайтындықтарын жеткізді.

3
0
158

Осы тақырып бойынша