“Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы аясында Канвассинг өтті.
Аудандық «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудандық маслихат депутаты Мусенов Нариман Дюсекешович, “Ауданның құрметті азаматы”, “Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылық кызметкері” Храновский Виктор Платоновичпен кездесті. В.П.Храновскийге егін алқабын көрсетіп, егін шаруашылығында кеңестер алды.
В.П.Храновский бұрыңғы Куйбышев облысының Большая Черниговка ауданының Алексеевка селосында 1932 жылы дүниеге келген.
Өзінің саналы өмірін Камен ауданының Ленин атындағы совхозды өркендетуге жұмсады. Комсомолдық жолдамамен алдыңғы тың игерушілер қатарында осы ауданға келіп, ұзақ жыл трактор-егіс бригадасының бригадирі болып жұмыс жасап келді.
В.П.Храновский- еңбек сүйгіш, қажымайтын; қайраты мол еңбеккер. Ол басқарған коллектив бүкіл кезең бойы ең биік көрсеткіштерімен көрініп, егіншілік шаруашылығында алдыңғылардың қатарында келді.
Жаңаны жақтаушы, прогрессшіл басшының қолдауымен шаруашылықта жаңа технология еңгізілуі нәтижесінде егіс бригадалары астық дайындауда жоспарды үнемі асыра орындауға қол жеткізді.
Өзінің жұмыс істеген уақытында В.П.Храновский тәжірибесі мол механизаторлар отрядын, еңбек сүйгіш азаматтар тәрбиелеп шығарды.
Ауданның және совхоздың эканомикасына қосқан еңбегі жоғары бағаланып, Ленин, III дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерімен наградталған, “Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылық кызметкері” атағына ие болды. Осындай ерең еңбегі үшін В.П.Храновскийге “Тасқала ауданның құрметті азаматы” атағы берілді.
Кездесу барысында ардагеріміз өз ризашылығын білдіріп, еңбектеріне жеміс тілеп, ақ батасын берді.
