"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында "Challenge" ұйымдастырды.
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 76-жылдығына орай "Nur Otan" партиясының Ақжайық аудандық филиалы "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында аудан ардагерлерінің өмірбаяны олардың ерлігі туралы мәліметтерді қамтитын жарияланымдар бойынша "Challenge" ұйымдастырды. Осыған байланысты Ұлы Отан соғысының ардагері Есимов Сүпғали ауданның құрметті азаматы туралы мәліметті ұсынбақпын.
Есимов Сүпғали 1926 жылы 20 тамызында БҚО дүниеге келген.
Әскерге 1944 жылдың қараша айында шақырылып, Чкалов қаласында әскери жаттығудан өтіп, сержант шенімен Жуков басқаратын І Украина майданында, 1170-ші атқыштар полкінде болған. 1945 жылы 4 сәуір күні Берлинді алу операциясына да қатысқан. 1945 жылдың сәуір айынан 9 мамыр аралығында 1170 атқыштар полкінің құрамында бөлімше командирі болып, Эстонияда құпия атом соғыс зауытында МҚК-да іс жүргізуші хатшылық қызмет атқарған. 1949 жылдың қаңтарынан 1950 жылдың желтоқсан айының аяғына дейін командир.1954 жылы әскери қызметтен босап елге оралады. 1953 жылы сол жақта үйленіп 1954 жылы тұңғыш баласы дүниеге келген.
Әскерден келген соң дүкенші жұмысына орналасады. Одан кейін Ақтөбе қаласындағы бір жылдық зоовет.мектебіне оқуға түсіп оны бітіргеннен кейін мал дәрігері әрі зоотехник болып жұмыс жасайды. Кейіннен бір отар қой алып Лбішін совхозының №4 бөлімшесінде, Батурин совзозында аға шопандық қызмет жасайды. Одан кейін ол Азнабай-Тайпақ каналында су реттеуші қақпашы болып 19 жыл зейнеткерлік жасқа дейін жұмыс жасап, зейнеткерлікке осы жерден шығады. Отбасында 5 ұл, 1 қыз көрінген.
Соғыстағы ерлігі үшін ІІ-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысының» орденімен, «Берлинді азат еткені үшін», Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20-30-40-50-60-70 жылдығы медальдарымен марапатталған.
Барша жерлестерімді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтаймын. Осы шараның жалғасы ретінде бұл "Challenge"-ді "Nur Otan" партиясы Ақжайық аудандық филиалының барлық Бастауыш партия ұйымының төрағалары мен мүшелеріне және аудандық маслихаттағы фракция депутаттарына жолдаймын.
#ҰЛЫЖЕҢІСКЕ76ЖЫЛ
#Qaharman
#NurOtan
