"Ардагерлерді ардақтайық"партиялық жобасы аясында "Ақниет" БПҰ Шонжы ауылының қарияларымен кездесті.
Ағымдағы жылдың 18-қазан күні "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында "Ақниет" бастауыш партия ұйымы мүшелері мен жас еріктілер Шонжы ауылының қарияларының үйлерін аралап, жағдайын біліп қайтты. Сондай-ақ, ауыл қарияларының аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп, қарттардың батасын алды.
