Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Ардагерлерді ардақтайық"

Ел өмірінде, жеке адам тағдырында терең із қалдырған, жүрекке салған жарасы әлі де жазыла қоймаған жағдай – Ұлы Отан соғысы.

Соғыс уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін ешқандай сынға берілмейтін азап. Қиямет пен қырғын қан төгістен арылып, армандап жеткен жеңісімізге биыл 76 жыл толғалы отыр.

Сондықтан осы жеңістің 76 жылдығы ашық аспан астында, бейбіт өмірде тойлағалы отырғанымыз үшін ардагер ата - әжелерімізге айтар алғысымыз шексіз.

Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Казталов аудандық маслихатына "Nur Otan” партиясы атынан сайланған депутат Рауан Есенғалиев Жаңажол ауылының тұрғыны тыл ардагері Нағым Ризуанұлын келе жатқан мерекесімен құттықтап, дәруменді жеміс-жидек себетін табыстап, ақ батасын алып қайтты.

Адамзат жүрегіне айықпас жара салған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, отты жылдардың елесі әлі күнге халық жүрегінен өшпейтіні белгілі.

#ардагерлердіардақтайық

#Nurotanпартиясы

0
0
220

Осы тақырып бойынша

"Ардагерлерді ардақтайық" - Yvision.kz