ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

“Ардагерлерді ардақтайық”

“Ардагерлерді ардақтайық” партиялық жобасы тағзымды тәлімге ұластырып, Елбасы саясатының, Тәуелсіздіктің арқасында соғыс көрмеген бақытты ұрпақты елдегі бейбіт өмірді, келісім мен бірлікті көздің қарашығындай сақтауға қашанда даяр болуға тәрбиелейді. Дана халқымыз айтқандай, қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Біз бүгін “ардагерлерді ардақтайық”жобасы аясында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабырғали Самиұлы Самиев туралы айтпақпыз.

С.Самиев 25 ақпан 1944 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Правда ауылында дүниеге келді.

1964 жылы Шилі орта мектебінің 11 сыныбын бітірді. Сол жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына оқуға түсті. Әскер қатарына 1964-1967 шақырылды. Әскерден келген соң оқуын институтта жалғастырып, 1971 жылы Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетін физика пәнінің мамандығы бойынша бітірді.

​Алғашқы еңбек жолын Ащысай орта мектебінен бастады.

​1971-1972 оқу жылында Ново-Петровка орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі, 1972-1973 оқу жылында Ащысай орта мектебінде мұғалім, 1974-1976 оқу жылдары Алмаз орта мектебінде директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 1977-1980 жылдар аралығында Константиновка сегіз жылдық мектебінің директоры, 1980-1983 жылдар аралығында Ащысай орта мектебінде тәрбие және мектептен тыс жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1983-1992 жылдары Белогор орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды.

1992-1994 жылдары Қызылкөл селолық кеңесінің төрағасы,1994-1998 жылдары Қызылкөл селолық округінің әкімі болып қызмет атқарды.

​1998 жылы тамыз айынан бастап 2003 ж. маусым айына дейін білім бөлімінің бас маманы болып қызмет жасады.

​2003 жылдың маусым айынан бастап, Амангелді негізгі мектебінің директоры, 2004 жылдың 20 желтоқсанынан Жаңатұрмыс негізгі мектебінің директоры болып қызмет атқарды..

​Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына ХХ жыл» медалінің иегері. Бірнеше рет республикалық, облыстық, аудандық грамота иегері, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Ауданымыздың құрметті азаматы.Партия ардагері ретінде ауданымыздың қоғамдық саяси өміріне белсене араласады.Ағымдағы жылы сайлауалды штабтың мүшесі болып,үгіт насихат жұмыстарына,кездесулерге қатысып,ұрпақтар сабақтастығы,ел дамуына қатысты ақпараттарды да таныстырып отырды.Сайлауалды жұмыстардағы белсенділігі үшін Елбасы,партия Төрағасы Н.Назарбаевтың атынан “алғыс”хатпен марапатталды. Бүгінгі күні ардагерлерге құрмет көрсетіп, жастарды отансүйгіштікке баулу – «Nur Otan» партиясының маңызды бағыттарының бірі. #Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz