Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ардагерлерді ардақтайық»

«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 1 наурыз партия күні мен алғыс айту күніне байланысты ауыл әкімі, Ақбұлақ БПҰ төрағасы Е.М.Айшуаков көп балалы ана, алтын алқа иегері Ұмсынай Тоқтығалиеваның шаңырағында болып, бүгінгі таңдағы партияның жұмыстары мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатындағы жоспарларын да алға тартты. Сонымен қатар көп балалы ана еліміздің ертеңі жас ұрпақтың бойына, туған жерге, елге, халыққа деген сүйіспеншілікті арттыру, отбасы құндылықтарын сақтау, рухани дүниемізді жаңғырту бағытындағы өзінің ақыл кеңесін айтты. Сөз соңында Ұмсынай анамыз Ерлан Мәлікұлына мерейін үстем болсын! Алланың нұры жаусын! Рақмет! Алғысым шексіз, ел аман, денеміз сау болсын деп ақ тілегі мен батасын беріп риза болды.

0
0
205

Осы тақырып бойынша

«Ардагерлерді ардақтайық» - Yvision.kz