«Ардагерлерді ардақтайық»
Қоғамдағы жастардың алатын орны ерекше екені белгілі. Себебі, жастар әрбір елдің мәдени, рухани және саяси өміріне белсенді атсалысатын әлеуметтік-демографиялық топ. Осыған орай, бүгін «Jas Otan» Жастар қанатының ұйымдастырумен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында жастарға салт-дәстүрді құрметтеу және отансүйгіштікке баулу мақсатында жастармен кездесу өтті.

Кездесуге қаламыздың құрметті азаматтары, ардегер ұстаз Асылбек Айдаров пен мұнайшы ардагер Тыныштық Базарбаев қатысты. Кездесуде ардагерлерлер жастарға өз бастарынан өткен қиын кезеңдерді баяндай отырып, жастардың өмірге құштар болуға еңбек ету арқылы қол жеткізу керектігін, өмір жолында кездескен сан түрлі қиындықтарды мойымай төтеп беру арқылы биік белестерді бағындыру керектігін сонымен қатар отбасында ата-ананы қадырлеп солардың әрдайым ақ батасын алу арқылы салт-дәстүрлерді сақтап құрметтеу керектігі жөнінде тәлім-тәрбиелері айтылды. Жастар жиын соңында алдыңғы буын өкілдерінің жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп уақыт бөліп келгендеріне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын алды.
