"Ардагерлер туралы" заңға түсіндіру жұмыстарын жүргізілді
"Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен "Ардагерлер туралы" заңға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге байланысты аудандағы ардагерлермен онлайн кездесу өтті. Кездесуде Ойыл аудандық Адагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Аманғосов "Ардагерлер туралы" заң жобасын толық түсіндіріп, өңірде ардагерлерге арналған шаралардың жүру барысымен таныстырып өтті. Қазіргі таңда ауданымызда 98 еңбек және тыл ардагерлері бар. Жалпы құжат ардагерлер мен Отан алдындағы әскери және азаматтық борышын өтеген адамдардың құқығы мен әлеуметтік мүддесін қорғау саласындағы мәселелерді реттеу мақсатында әзірленген. Елімізде соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер заң шеңберінде реттеледі. Мемлекет ардагердерді әлеуметтік қорғауды 5 негізгі санат бойынша бекіткен. Кездесуде Аталған мәселер бойынша еркін пікір алмасу жүргізілді. "Ардагерлер туралы" заңды талқылаудан өзге ардагерлердің ұсыныс тілектері де қаралды. Ардагерлер қауымы жыл сайын демалту орталықтарына жіберіп, қолдау көрсетіп, денсаулықтарын назарда ұстап, мерекелерде елеусіз қалдырмайтын тұлғаларға алғыстарын жеткізді.
