Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ардагерлер штаб жұмысына оң баға берді

Еске сала кетсек, "Nur Otan" партиясы соңғы Мәжіліс сайлауында сайлаушылардың 82% дауысына ие болды. Партия мұндай нәтижеден кейін бұрын-соңды болмаған сенімге ие болып, партияның рөлі басқарушы институт ретінде мемлекетімізде орны одан сайын артты.

Бүгінгі таңда 2021 жылы өтетін ҚР Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына орай партияаралық бәсеке басталды. Осы ретте «Nur Otan» партиясы үгіт жұмыстарын белсенді жүргізуде. Облыстық сайлауалды штаб мүшелері Елубай Әбілов, Марат Себасов, Бекмұрат Жүсіпов, Қалым Дербісов партия ардагерлерімен басқосып, халықтың саяси сауатын арттыру, сайлауға шақыру, бағдарламаны тұрғындарға түсіндіру, жақтастармен кездесу өткізу, партияны қолдауға шақыру секілді мәселелерді қозғады. Сонымен қатар штабтың 5 күнде атқарған жұмысына шолу жасап, тұрғындардан түскен ұсыныстар қаралып, ардагерлердің партияның акцияларында, кездесулерде маңызды орны бар екені айтылды.

0
0
172

Осы тақырып бойынша

Ардагерлер штаб жұмысына оң баға берді - Yvision.kz