Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Ардагерлер үшін жәрдемақы мөлшері

2020 жылғы 6 мамырда "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының №322-VI Заңы қабылданды, заңға сәйкес 2020 жылдың 18 мамырынан бастап мынадай санаттағы адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қайта есептеу жүргізілетін болады:

– 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар - 4,8 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);

- Социалистік Еңбек батырларына, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің кавалерлеріне-138,63 АЕК. Сондай-ақ, 2020 жылдың 18 мамырынан бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақының жаңа мөлшері белгіленді: - Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Тәжік - Ауған аумағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған әскери қызметшілері - 4,8 АЕК; - Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері-4,8 АЕК; - Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСРО Одағы мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамының адамдарына - 4,8 АЕК. ----------------------------------------------------------------- 6 мая 2020 года был принят Закон Республики Казахстан №322-VI «О ветеранах» Согласно Закону с 18 мая 2020 года будет произведён перерасчет специального государственного пособия следующим категориям лиц: -лица из числа участников ликвидации катастрофы Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавших) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии – 4,8 месячного расчетного показателя (МРП); - Героям Социалистического Труда, кавалерам орденов Трудовой Славы трёх степеней – 138,63 МРП. Также, с 18 мая 2020 года установлен новый размер специального государственного пособия для: -военнослужащих Республики Казахстан, выполнявших задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на Таджикско-Афганском участке- 4,8 МРП; -военнослужащих Республики Казахстан, принимавших участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке – 4,8 МРП; -военнослужащих, а также лиц начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшие участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе – 4,8 МРП.

0
0
296

Осы тақырып бойынша