"Ардагерлер қоғамы" қоғамдық бірлестігі "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысты.
Күні кеше ғана Қарағанды облысының Құрметті азаматы атанған Төлеген Бүкіров төрағалық ететін "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС жанындағы "Ардагерлер қоғамы" қоғамдық бірлестігі "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысты.
13 мыңнан астам еңбек ардагері мүшелік ететін ардагерлер кеңесінде өткен кездесуге Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Ерлан Кенжебеков пен Алмас Ахатов, сондай-ақ Мұрат Бөрібаевтың сенімді өкілдері Нұрғали Есілбаев пен Айнұр Жүсіпова келді. Олар қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеріп, медицина мен білім саласын дамытып, бизнесті өркендету жолында партия межелеген ауқымды жобаларды тілге тиек етіп, еңбек ардагерлерінің ұсыныстарына құлақ асты. Кездесуде сөз алған Алтын Шәйменова кандидаттарға ақ жол тілеп, депутаттыққа сайланған кезде Жезқазғаның ауызсу мәселесін шешуге атсалысса деген өтінішін білдірді.
Еліміздің болашағын жалынды жастармен байланыстырған Төлеген аға алдағы салауда "Nur Otan" партиясы басым дауыспен жеңіске жететініне сенім артып, кандидаттарға батасын берді.
@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
