«Ардагерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында
9 -мамыр күні «Ардагерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Бөрлі ауданының әкімі Е.Н.Ихсанов Ұлы Отан соғысының ардагері Шепель Михаил Ивановичті Жеңіс күнімен құттықтап, ел қорғаудағы ерлігі үшін алғыс білдіре отырып, жастарға үлгі көрсетіп жүрген ардагерге мықты денсаулық тіледі.
Бүгінгі күні Бөрлі ауданы бойынша 1 соғыс ардагері қалды. Ардагерге құрмет көрсетіліп, «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы атынан көркемөнерпаздар әсем ән арнады.
Осы күндегі, арамызда көз қуанышы болып жүрген Бөрлі ауылының тұрғыны, ардақты да, батыр атамыз - Шепель Михаил Иванович.
Михаил Иванович 1926 жылы 18 наурыз күні Бөрлі ауданы Приурал ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген.
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ардагерлерге тағзым ету біздің қашанда парызымыз.
