ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ардақты ұстазбен кездесті

Ардақты ұстазбен кездесті

Дүниедегі мамандық атаулының төресі-ұстаздық. Әсілі мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелеуші, болашақтағы болмысын қалыптастырушы, адами құныдылықтарға бағыттаушы. Сол себепті де ұстаздар алдында өдең жолдарымен айтақанда ғалым да, шахтер де бас иеді деген сөз шындық.

Ауданымызда да ұстаздықтың ұлы жолын таңдап, білімді ұрпақ тәрбиелеп, үлкен өмірге қанат қақтырған, олардың өз жолдарын тауып, қоғамның бір кірпіші болып қаланғанын көріп көңілдері жаздай жайнаған ұстаздар жеткілікті. Солардың бірі – Ғайса Бекимов.

Бүгінгі таңдағы ұстаздардың басына түсіп отырған үлкен жауапкершілік, талапшылдық оларды тек шыңдай түседі дейді ол өзімен кездесуге келген аудандық мәслихатқа кандидат Светлана Байтеновамен әңгіме барысында.

-Әлі де ел іргесінен кетпей тұрған індет тұсында да ұстаздар нағыз парасаттылықтың, ұстамдылықтың үлгісін көрсете білді. Мен де партияның саулауалды бағдарламасымен танысып, ауданымзды дамытуға бағытталып отырған іс-қимыл шараларына қанықтым. Осы бағдарламадағы: 2025 жылға қарай 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға қол жеткізу. Бұл үшін шағын орталықтарда қосымша топтарын ашу, Шыңғырлау (2022 жыл), Ақтау (2023 жыл), Ақбұлақ (2024 жыл), Ащысай (2024 жыл) ауылдарындағы 4 мектепті күрделі жөндеу мәселесін шешу, 2025 жылға қарай 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға қол жеткізу, бұл үшін шағын орталықтарда қосымша топтарын ашу, Шыңғырлау (2022 жыл), Ақтау (2023 жыл), Ақбұлақ (2024 жыл), Ащысай (2024 жыл) ауылдарындағы 4 мектепті күрделі жөндеу мәселесін шешу туралы айтылған жолдар көңіліме қонып отыр,-дейді қадірменді ұстаз.

Ардақты жанның осы пікіріне қосылып отырған Свтелна Ешматқызы алдағы уақытта да ұстазға қоғамның белсенді мүшесі ретінде аға буынды құрметтейтін, отбасы құндылығын сақтайтын, ең бастысы Отанға деген терең патриоттық сезімді қалыптастырған ұрпақ тәрбиелеу жолында өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісе беруге шақыра отырып, сайлау күні ауылдастырымен бірге белсенділік танытуға шақырды.