Ардақты ағайын!Келе жатқан 2021 жыл құтты болсын!
Ардақты ағайын!
Келе жатқан 2021 жыл құтты болсын!
2020 жыл барша адамзатқа ауыр тиген жыл болды. Қаншама жақындарымыз пандемия кезінде фәниден, бақиға өтті (иманды болсын), қаншама адам мүгедек болып қалды. Бұл күллі цивилизацияға түскен ауыр сынақ болды. Қиындықтарға қарамастан бұл сынақтанда адамзат аман-есен шығатынына ешқандай күмән жоқ.
Ғұлама айтқан екен: "Бір қиындықтың артында, екі жақсылық бар" деп. Барлық ауыртпалық ескі жылмен кетіп, алда келе жатқан жылда тек жақсылықтар болғай! Халықтың әл-ауқаты жақсарып, бүкіл армандарымыз орындалатын жыл болсын!
Ол үшін әлемде тыныштық, бейбітшілік болсын! Жеңісті, қуанышты күндеріміз көп болғай ағайын!
